Бұрым – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Бұрым» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2158
Тынысың кең-ау сенің, қайран дала,
Қанбаспын қызығыңа,
Сайранға да.
Жаңа түскен келіндей жасауы мол,
Жайнатып көз алдыңа жайған жаңа..
Асқар шындар мекені-ау, шынарлардың,
Мен өзіңе ерекше құмар жанмын.
Сағынсам сағымдардың арасынан,
Момақан қалпың менен мұнарландың.
Еркелейсің мендегі ерікті ала,
Кете бардым үн-түнсіз еріп қана.
Күмбезіне күй өрген сері далам,
Жарандар, сенбесеңдер келіп қара.
Кете алмассың сен одан тегіндікпен,
Жартастар томсарады шерін бүккен.
Ақбас шыңдар бейне бір арулардай,
Сонау бір майдандағы —
Жарын күткен.
Қалайша мен өзіңді сағынбаспын,
Қара жолдың, ақ нөсер, шаңын бастың.
Бір бұрым боп төсіңнен құлар болсам,
Басқа тілек тілеп те жалынбаспын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері