Қосмола – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қосмола» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1933
Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,
Өткен өмір шежіресін жастанасың.
Әлде кімге
Сездіріп аяушылық,
Әлде кімге
Сен іштей қастанасың.
Бұл таудың самалы бар керімсалдай,
Ағайын, ат терлетер жерің шалғай.
Осынау Қосмоланың ішінде әлде,
Жатыр ма екі ғашық
Өрімталдай.
Соншама қастандыққа барса да адам,
Ерлігін паш ететін барша ғалам.
Жатыр ма
Махаббаттың құрбандары,
Аяулы ақ арманды арқалаған.
Туған жер куә болған сырларына,
Үзіліп кеткен жақсы ән —
Ырғағы ма.
Өтті екен содан бері қанша уақыт,
Қосмоланың томсарып тұрғанына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері