Зәуреге барғанда – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Зәуреге барғанда» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1644
Қашан да ой арқалаған зіл-батпан,
Жолаушымын, арманына тіл қатқан.
Көңілінде алаңы көп бір жанмын,
Көкірегінде тынши алмай күй жатқан.
Шатқал анау, төсінде өзен тулатқан,
Тек өзінше әндетеді тулап маң.
Дүбірлетіп тұлпарының тұяғын,
Бала шауып келе жатыр үй жақтан.
Қандай құдірет, бар маңайды жырлатқан,
Тынышымның сыр қақпасын кім қаққан.
Елеңдеймін әлде кімнің әніне,
Болармын ба сабырымды ұрлатқан.
Зәуре өзені сырнай тартып, ән қосам,
Мәз болады —
Көбелек қуып Жанботам.
Мұншалықты сұлулықты көрмес те ем,
Егерде мен
Дала қызы болмасам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зәуреге барғанда өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Зәуреге барғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зәуреге барғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зәуреге барғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері