Қамшы! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қамшы!» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Шабандоздан
шыға қоймас серт жұтаң,
Атқа шапсам
жалын құшып, өрт жұтам.
Сәйгүліктің
жанар жасын сүртетін,
БӘЙГЕ ҚАМШЫМ
тобылғы сап, төрт тұтам.

Жылқы мінсем
көңіл аумас күйбеңге.
Ыстық қаным
тамырымда билеуде.
Талыс тері
айырылып кетеді,
ДОЙЫР ҚАМШЫМ
иіріліп тигенде.

Торыменен
топқа кірсең бу аңсап,
Абырой ғой
салым салып қуансақ!
Айбат берген,
қайрат қосқан бойыма,
КӨКПАР ҚАМШЫМ,
жылан тері, жуан сап.

Арба шегіп,
желісіне шалқымау,
Пай-пай деусіз,
өткен өмір олқылау.
Дәрте басын
үш айналып орайды,
СОПЫ ҚАМШЫМ
ұзын құлаш, жалқы бау.

Жылқы сырын
бір адамдай түсінем,
Таңдап мінем
тарланбозды ішінен.
Иіремін
асауы көп үйірді,
Үш шығыршық
ҮЙІР ҚАМШЫ мысымен.

Жанға қуат
сәйгүлікке бай далам
Тектілері
тұғырынан таймаған.
Асау мінсем
бас бермейтін, бағынбай
БАПТАУ ҚАМШЫМ
денесінде ойнаған!

Өмір мынау
қысқа қамшы сабындай,
Арғымақ күн
өтіп жатыр сағымдай,
Қара өлеңім
бәйге бермес -Қара кер,
Келеді әне,
ауыздыққа бағынбай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамшы! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қамшы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамшы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамшы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері