Көкжалдың күрсінісі – Мерей Қартов

Бұл бетте «Көкжалдың күрсінісі» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Көкірек-көзбен Көкке өрлеп,
Айға азу биледім.
Бүлкек желіп, бөктерлеп,
Жол ұшында түнедім.

Жортып жүрмін ұзақ күн.
Жауға толы маңайым.
Тағдырымдағы тұзақтың,
Талқандадым талайын.

Садаға деп қақпанға,
Сирағымды қалдырдым.
Апаныма ақпанда,
Маңырақ жанын алдырдым.

Сорым қалың, бес елі.
Бек қорғаным – тау, далам.
Жапалақтап кешегі
жауған қар да – жау, маған.

Бұраң жолға бір қарап,
“О, Тәңір!...”-деп, аһ, ұрғам.
Ажал-оқтай жылдам-ақ,
Оқпанынан атылған.

Өзіме өзім қырсығып,
Жаным толған тағы шер.
О, тасбауыр тіршілік,
Ал, қайсымыз қанішер?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкжалдың күрсінісі өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Көкжалдың күрсінісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкжалдың күрсінісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкжалдың күрсінісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері