Бұл бетте «Дала төлі» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қияққұлақ құлын-жондарға
бәйіт оқиды паң қарға.
Желіні жер сызған көп бұлттар
жата кетпекші жарларға…
Маңырақ Сауыр-Маңырақ,
балғын шилердің бəрі-лақ.
Қыдыр Атаның демінен,
қозыжусандар жамырап…
Желдінің ширап жыңғылы,
кесілген бүрген кіндігі.
Уыз емізіп бүрлерге,
уылжый түсер Күн нұры.
Төлдеген Дала төсінен,
өркендеп мен де өсіп ем.
Жұпар аңқыған Жұмақтан
Туған Жерімнің несі кем!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі