Санам іші сағым ба көкшіл керім? – Мерей Қартов

Бұл бетте «Санам іші сағым ба көкшіл керім?» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Санам іші сағым ба көкшіл керім?..
Танытарма мына өмір ақ-қарасын...
Кейіпке еніп адамдық,
Өз сүйгенін
Іздеп шыққан мен де, бір – Шөп Баласы.

Жел бір иіскеп шетеннің дудар шашын,
Мен бір иіскеп...
Жылаған көңіл масаң.
Күлгін күліп дәтіме уқорғасын,
Жарар еді жазмыштан жаңылмасам.

Құрақ ұшып алдымнан елбең көде,
Мұңданғандай болады тораңғы сәл.
Усойқыға, мияға, ерменге де,
Құр елтиді ақылым алаңғасар.

Қиял қуып қаңғырған мен – диуана.
Бөденелер шалғында жамырасқан.
Меңірейтіп миымды меңдуана,
Түсінбеді күйімді адыраспан.

Жыларымды білмеймін күлерімді,
Ғашық болмай, іштегі шер аңқыр ма!
Тыңдап көрдім талшынды, гүлерінді,
Ымдап көрдім мейірлі қалампырға...

Жан күйзелтіп жүрсем де, тән өртетіп,
Бұл сапарда белгілі тоқтамасым.
Мені мәңгі бақытқа кенелтетін,
Сен қайдасың, қошы ерен Шөп Баласы?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санам іші сағым ба көкшіл керім? өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Санам іші сағым ба көкшіл керім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санам іші сағым ба көкшіл керім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санам іші сағым ба көкшіл керім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері