Гүләндамға – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Гүләндамға» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 4535
Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Келші жақын, қарайын!
От жүректе,
Қалсын көпке,
Суретіңді салайын.
Қиғаш қасты,
Қолаң шашты,
Қия алмайтын мен ақын.
Жүрек ізгі,
Жібек сөзді,
Жанымнан да жар жақын.
Нұрлы ажарың,
Қызу қаның,
Қалай сәйкес жаралған.
Терең теңіз,
Дес қара көз,
Бар ма көрген жараннан.
Құлқың гүл, сыр,
Көңілің сиқыр,
Өлген жан да тірілер.
Күлме - күлме,
Күлсең тіріде,
Жүрек жүзге тілінер.
Қара көзің,
Етіп төзім,
Қарағанды қандырар.
Бірде атып,
Бірте тартып,
Жанды есінен тандырар.
Ақ төсіңді,
Қар етіңді,
Жаным жатқа көрсетпе.
Бақ алманың,
Дәмін, мәнін,
Білу қайда есекке.
Надан жұртта,
Жауыз жоқ па,
Сүйек жарған сөз тиер.
Келші жаным,
Дуалайын,
Тұмарлайын көз тиер.
Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Періштем бол, кел бері!
Жүрегімнің,
Басып шерін,
Қарашығым сүй мені.
Келші бері,
Сүйші мені,
Суырылсын көмейім.
От құшақта,
Сүй, құшақта,
Есім ауып өлейін.


Пікірлер (1)

Жаклин

Мен негізінен осы Бернияз Күлеевті зерттеуші едім. Ғылыми жобамен жарыстарға барып жүрмін. Бұл кісінің өлеңдерін де болашақта тңлдік стильдік тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізсем деп ойлаймын. Өоеңдерін оқулықтарымыздан көргім келеді.Сонымен қатар, бұл кісі ғалымдар тарапыннан толық зерттелуді қажет етеді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүләндамға өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Гүләндамға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүләндамға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүләндамға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар