Көңіліме
Бұл бетте «Көңіліме» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнусыз алғыр көңілім,
Араның әбден ашылсын.
Жырларың буған сөз гүлі,
Будақ - будақ шашылсын.
Суарған семсер сияқты,
Жастықта жатпа, жайраңда.
Найзадай алтын қияқты
Майданға түсіп маймаңда.
Өмірдің қойған сертіне,
Әр кезде, көнбе, берілме.
Ем болар жырла дертіңе,
Көкірегіңді керіл де.
Күл, ойна, жыла қайғыға,
Ет болса ойға алғаның.
Аз күн жалған зайғы да,
Қалмасын құттай арманың.
Зарла да жібер, жыр жырлап,
Қиялдың шиі шешілсін,
Бұлбұлша сайра зар зарлап,
Көсем тілің көсілсн.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі