Көңіл – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Көңіл» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4695
Көңіл деген дария,
Желсіз күнде жай жатқан.
Кейде соғып, дариға,
Ой дауыл ғой оятқан.
Дауыл ой соқса өкіріп,
Ұйтқыр көңіл дария,
Толқыны көкке секіріп,
Тар көрінер дүние.
Дариға, дауыл ойы не,
Неге тыныш жатпайды,
Жел, дауылға көнгенше,
Мұз боп неге қатпайды!
Балдыр басып жәй жатқан,
Толқынсыз судың несі сән?
Қайғысыз, ойсыз ант атқан,
Өлген жанның несі жан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері