Аспан жақтың үлегі ме – Мерей Қартов

Бұл бетте «Аспан жақтың үлегі ме» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Аспан жақтың үлегі ме,
Мамық бұлттар мамырлап...
Сапар шектім жыр еліне,
Басым мұңнан ауырлап.

Қазына бар қанжығамда,
Қаракөз қыз теңдеген.
Жап-жас күйде алжығам ба?!,
"Ажал жоқ!" деп сенбек ем.

Күннің мынау қас-қабағы...
Жетелейді жол қайда?!
Былай шырқар Аспан әні:
"Жерұйық жоқ" шалғайда!".

О, Сұржекей, нәзік құрбым,
Өлеңнен кім бақ тапты?!
Жерұйыққа кезіктіргін,
Мына мендей ақымақты!

Қапаланған көңіл құсап,
Қап-қараңғы мылқау - мен.
Қамшым қалды тобылғы сап,
Қайтып келем сылтаумен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспан жақтың үлегі ме өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Аспан жақтың үлегі ме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспан жақтың үлегі ме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспан жақтың үлегі ме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері