Алтын күз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алтын күз» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5161
Берекелі,
Мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да,
Далада да,
Жанның бәрі жарқын жүз.
Балақайлар
Алақайлап,
Мектеп іші нұрланды.
Астың жыры –
Шаттық жыры –
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Ер ісіне сүйінді.
Ән тасқыны
Дән тасқыны
Ырыс болып құйылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын күз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алтын күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алтын күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері