Ана тілім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ана тілім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбек
Әнін жазған: Алтын Маханбетова

Сөйле ана тіліңде,
Қазақ тілім-ана тілім.
Бабалардың дана тілі,
Алып күш бар үнінде.

Қайырмасы:

Туған елім, ана тілім,
Алтын арай таңымдай.
Ана тілім - дара тілім,
Бойымдағы қанымдай!

Сүйем ата-анамды,
Олар маған тәлім берді.
Ана тілім әнін берді,
Нұрландырып санамды.

Қайырмасы:

Жырла ана тілінде,
Асқаралы тауларын да.
Балғын бақша, бауларын да,
Бұлағын да, көлін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері