Бастау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бастау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1498
Алып таудың астында –
Езіп, басқан тас тұлға,
Мөлдір бастау ағады
Аңсап байтақ даланы.
Тастың асты түнек бір,
Еркіндікті тілеп бір:
– Мен, мінеки, бармын! – деп,
– Мені қарсы алғын! – деп,
Тасты жарып бұлқынар,
Бұлақ алға ұмтылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері