Еріскендей ер болса – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Еріскендей ер болса» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 1
  • 12728
Еріскендей ер болса,
Соғысқандай жер болса,
Бірме - бірге келгенде,
Әлі де болса бір тәңірге жылармын.
Мен — қарақұстан туған қалықпа,
Сөйлер сөзге жалыққан.
Көптер көзін тіккендей,
Көп соңыма түскендей,
Көптің несін алыппын?
Тыңда, халық, әлеумет,
Көп кісіден анықпын.


Пікірлер (1)

Роза

Махамбет бабамыздың өрен өлеңдері мен шығармаларын өз бойымызға сіңіріп ол өлеңдерін қадір тұтып жаттап жүру жəне сол өлеңдерді мақтанышпен айту əркімнің парызы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері