Еңселігім екі елі – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Еңселігім екі елі» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.03.2019
  • 0
  • 2
  • 19883
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын.


Пікірлер (2)

керемет

керемет

екен

супер

Жұлдыз Абу

просто супер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері