Баспахана – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Баспахана» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 774
Баспа басқан жұмыскерлер,
Ақ қағазды дестелеп,
Тасқа басқан тым іскерлер,
Қағазға әріп кестелеп.
Ылғи тетік жаппалы тіл,
Серіппелі тістескен,
Типыл, жылмаң, тақталы тіл,
Екпіні жел күшті ескен.
Ашсам тағы бір бөлмені,
Тіл сыбанған көк көйлек,
Шебер саусақ бөгелмейді,
Ұяға әріп төккен көп.
Төрт бұрышты толы ұяда,
Қорғасыннан кеспе әріп.
Көз ілеспейді сол ұяға
Қона қалған десте әріп.
Ақ қағазға жолды тартқан
Құрыштайын осы әріп,
Бар бөлмені жарқыратқан
Л-е-н-и-н деген бес әріп!

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері