Оқушы ма, мещан ба – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Оқушы ма, мещан ба» атты Тайыр Жароков жазған білім туралы өлең берілген.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 884
Өзінше біліп,
Ішінде білік,
Қыдырып жүріп,
Миықтан күліп,
Оқуға мойны жар бермейді.
Жігіт боп көсем,
Көрмеге әсем,
Сөйлесе шешен,
Білмесе сабақ ар көрмейді.
— Барасың қайда? Десем
— Әйдә... Анда-анда!..
— Неге?
— Жайға...
«Белбәр-бөлбәрі, сат барам»,
Тілмен алдап, Сөзбен арбап,
Жанға салмақ Әдейі арнап,
Жазған қызға хат-қалам.
Мадамалар Санамалар...
Әсем фасон Жанамалар
Қарамас мырза еш жанға.
Сұлу сүйіп,
Сылдыр күліп,
Әсем фасон
Судан сұйық
Оқушы ма, мещан ба?

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері