Өлең, жыр, ақындар

Нан

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 3541
Нан!
Нансыз жасар қандай жан?!
Тұрмын қарап көз алмай
Толқынданған бидайдан.
Алтын шашақ әр басы,
Ақ меруерттей әрбір дән.
Өсіру үшін осылай
Батқанынша талай күн,
Атқанынша талай таң
Білмегенбіз шаршауды –
Сыпырып терді маңдайдан.
Даласында еңбектің
Үзілмей бір биік ән,
Кезек-кезек шырқаған:
Жас сұлулар, жігіттер,
Жеңісінен қайтадан майданнан.
* *∙*
Шырқаңдар әнді тағы да,
Лауласын еңбек жырлатқан
Жейтін нанын жоғалтар
Мезгілсіз терін құрғатқан.
Заулат кәне, комбайнер,
Айрылма күйлі ырғақтан!
Тоқталмасын моторлар,
Дөңгелектер зыр қаққан.
Сілтенсін орақ сыңғырлап
Семсердей өткір шыңдатқан.
Жоғалтпаңдар жалғыз дән,
Жолдас емес – ұрлатқан!
Жолдас емес – құр жатқан.
*∙*∙*
Нан!
Артықсың сен алтыннан.
Алтыннан артықты өсірген
Айналайын халқымнан!
Ел емеспіз ешқашан –
Қабының түбі сарқылған.
Тасып аққан өзендей,
Тынбаймыз керуен тартудан.
Мінекей, солдат, сыбағаң – !
Алдырмас жауға алқымнан.
Мінекей, шахтер, сыбағаң –
Туғызар қарқын қарқыннан.
Қимылда, достар, қимылда,
Айныма берген антыңнан
Жолдас емес тартынған!
* * *
Нан!
Нансыз қызар қай думан?!
Домбырасы бұраулы
Той келеді алдыңнан.
Революция отыз жыл –
Жасады - толған батырдай,
Жау жүрегін жандырған,
Дос мейірін қандырған,
Әзірлен тойға, ата-ана,
Әзірлен, бөбек - балдырған!
Көзі сенде көсемнің.
Көгіңнен нұр жаудырған.
Қимылдаңдар, достарым!
Жігіт емес шалдырған,
Жерде бір дән қалдырған!

1947



Пікірлер (1)

Қасымбекова Арай

Адамды жігерлендіреді керемет
Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Диалог

  • 0
  • 0

– Мыналар кімдер, қаптап бір келген осында,
Турасын айтшы, осының бәрі досым ба?
Қайсысын, қалай қадірлеп қарсы алайын,
Жауымды көрсең атап айт атын, жасырма.

Толық

Кездесу

  • 0
  • 0

Тамаша күн еді. Ашық күн.
Мен-дағы көзімді ашыппын.
Көремін көңлімнің көгінен
Бәрін де жақын мен қашықтың.

Толық

Париж

  • 0
  • 0

Соқ, қаттырақ барабанды,
Соқ, қаттырақ қыздыр қанды!
Әне, ашудан от тұтанды,
Намыс пен кек маздап жанды.

Толық

Қарап көріңіз