Ақ сәуле

Бұл бетте «Ақ сәуле» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3361
Қара жер, көк құрақ, қызыл гүл,
Көк аспан, көк теңіз мөп-мөлдір,
Жарық күн жарқырап жанып тұр
Дүниені ақ сәуле жауып тұр.
Ақ сәуле жайнатты жерімді,
Көгертті көгімді, көлімді.
Қып-қызыл қызартты гүлімді,
Күлдірді қызымды, ұлымды.
– Күн! - дейді құстар да сайраған,
– Күн! - дейді сәби де ойнаған.
Жердің де тілі бар: - Күн! - дейді,
Шөптің де тілі бар: - Күн! - дейді.
Ақ сәуле жарығы жетпеген,
Ақ сәуле жылуы өтпеген
Бар ма екен биіктер, тереңдер?
Қорқамын, бар екен демеңдер.
Бар екен, қорықсам да айтамын,
Сүймеймін сөздердің жалтағын.
Бар екен: кеуделер, көңілдер
Қараңғы, қап-қара көмірден.
Ақ сәуле, жібіттің жерімді,
Көгерттің көгімді, көлімді.
Жылытшы мұп-мұздай жүректі,
Ағартшы қап-қара көңілді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ сәуле өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Ақ сәуле өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ сәуле өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ сәуле өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері