Балалар – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Балалар» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4778
Әнекей біздің балалар,
Әндетіп тағы оралар.
Әндетіп өтіп барады
Қуантып ата, ананы.
Үстінде мөлдір аспаны,
Алдында гүлдер алаңы.
Балалар етіп барады
Қуантып бүкіл қаланы.
Сәбилер жолы ашылды,
Алдында гүлдер алаңы.
Қуантып біздің ғасырды
Балалар өтіп барады.
Кетер ем мен де әндетіп,
Кетер ем бірге, балалар.
Қалыпты - ау бойдан әл кетіп,
Қуат жоқ, қайта оралар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері