Өлең, жыр, ақындар

Жас ақынға

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6740
Інім - ау, сенбе өсекке,
Досымын әлі мен жастың.
Боламын ұзақ есепте,
Көбіңмен әлі сырласпын.
Қуаныш маған әрқашан
Сәтімен шыққан өлеңің.
Өзіме сеніп жазбасам,
Жазар деп саған сенемін.
Қанатың жаңа қатайды,
Қияға серме, қарғашым.
Қыран деп сонда атайды
Қырымнан көзін шалғасын.
Отыңды көрсет лаулаған,
Жана бер өшпей, қарғашым,
Жылуыңды алсын жаураған
Оқушың, жаным тоңбасын.
Құзғындар күншіл кездесер
Қымсынба одан, қарғашым.
Қызғаныш, өсек сөз бе екен,
Шырқауға шығып алған соң.
Майыспа салмақ түсті деп,
Тілегім осы, қарғашым.
Қаймықпа, жауды күшті деп,
Сайысқа түсер болған соң.
Сүйемін сені өлгенше,
Ақ сөзім осы, қарғашым.
Сүйемін әлім келгенше,
Өтірік деген оңбасын.
Інім - ау, сенбе өсекке,
Досымын әлі мен жастың.
Боламын ұзақ есепте,
Көбіңмен әлі мұңдаспын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желік

  • 0
  • 0

Жел айдайды желкенді,
Жел айдайды қаңбақты.
Сықырлатып сеңдерді
Бұрқыратар шаңдақты.

Толық

Уақыт

  • 0
  • 0

Уақыт та судай ағады,
Өтеді дайым сезілмей.
Тек сағат қана соғады
Шыдаған әрең төзімдей...

Толық

Дос портретіне

  • 0
  • 0

Апырым-ау, жоғалттым ба осы адамды,
Өзіммен бір туғандай дос адамды.
Жалаудай жалт-жұлт ойнап тұр еді ғой,
Қалайша көз алдымнан өше қалды.

Толық

Қарап көріңіз