Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі сөз

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1415
Тыңдаңдар!
Бүгінгі сөз - сөзден бөлек
Бүгін әркім сөйлейді елден ерек.
Бүгін біздің жанымыз қанатты жан,
Бүгін біздің тіліміз шешенірек.
Бүгін біз сөздің мыңнан бірін талғап,
Ең өткір, ең ауырын таңдап - таңдап
Сөйлейміз көксауытты броневиктен,
Лениннің дәл өзіндей әлемге арнап.
Жаһанға біз келгенде патша, бектер,
Таласып тар кешуден бермеске өткел,
Туғандай заңсыз бала былшылдасып,
Бықсыған басып еді көп өсектер.
Өртедік өсекті біз, отқа жақтық,
Арналған әділдікке заң орнаттық.
Тазарттық ыластықтан Россияны,
Аждаһа - капиталдың басын қақтық.
Черчилльдер сабыр таппай кешуге,
Шақырып жар, достарын бөсті мүлде,
Қуатын империя төкті аямай
Жалынын революция өшіруге.
Саспадық, састырмады бізді Ленин,
Шынжырды шырмайтұғын үзді Ленин,
Жаңарған Россияның жұдырығымен
Тұмсығын Черчилльдердің бұзды Ленин.
Мырзалар бола қалды мүп - мүләйім..
Жегідей жүректерін жеді уайым.
Сілтеуге семсерлерін қайрай - қайрай,
Уақыттың ұтымды бір күтті райын.
Соққалы Кремльдің куранттары,
Бір минут өткен емес бекерге әлі.
Уақыттың бар қуатын жиды Отаным
Ісіне революция жаратқалы.
Жүгіртті жүйрік уақыт бізді ілгері,
Желпіді жеңіл қанат жаздың желі.
Жөнелді жүрдек басып жастық өрге,
Сырылдап кәріліктің алған демі.
Айналдық біз - уақытқа, уақыт бізге.
Бір шықты шырқап салған әніміз де.
Ұрпағы революция өсті қаулап,
Ғасырдың берері көп әлі бізге.
Қызыл көз – қызғаншақтар жұқарды өңі,
Қалтылдап кәрі дүние, қашты реңі.
Уақытқа - бізге қарсы ашты майдан
Соғыс боп жан сақтарлық тапқан емі.
Ажалмен айқасты кеп тәкаппарлық,
«Ұмтыл!» деп туған Отан берді жарлық
Жүректің шапағатты жылуындай
Сол бір сөз кетті билеп ойды барлық.
Тыныштық ұсынды орын аттанысқа,
Айтылды әмірлі сөз қысқа-қысқа.
Жаланған фашизмді жайратуға
Советтің саңлақтары кірді ұрысқа,
Қан сасып, қара түтін жапты күнді,
Сақылдап сұрғылт ажал қатты күлді,
Европа қол-аяғы шынжырлаулы
Азапта қозғала алмай жатты мұңды,
Черчилльдер сергіп біраз қалды түлеп.
Тіледі: «Баса түс деп қанды түнек»,
Ұрпағы революция қалжыраса,
Бермек еді су орнына у әзірлен
Көк сүңгі қолындағы большевиктің.
Қайралған қайрағына отты кектің.
Қадалды дүлей жаудың қолқасына
Атынан бостандық пен әділеттің.
Босаттық адамзатты қайғы-дерттен,
Өмірін қалдық сақтап жанған өрттен.
Тұрғыздық Европаны қайта орнына,
Көтеріп күмбездерін күйреп кеткен...
Біз қазір танк орнына тракторды
Міндік те, қаптап қырды, аштық, нұрды.
Біз қайта шеберлікпен алдық қолға
Сомдауға, сұлулауға ұлы өмірді.
Көңілдің қалықтатып ұшқыр әнін,
Енбектің шарықтатып күш - құралын,
Сібірдің орманындай өсіреміз
Самсаған заводтардың трубаларын.
Түзейміз қисық жерін өзендердің,
Жердің де жасартамыз көнергенін,
Қалаймыз байтақ отан іргесіне
Жалынды, жанды жолын өлеңдердің.
Мырзалар іші күйсе тұз жаласын,
Өртесін, жұлсын шашын, ұрсын басын!
Біз енді аспандата көтереміз
Жеңістің жарқыраған мұнарасын!
Барында Партиямыз қолбасшымыз
Әрі әке, әрі мәңгі жолдасымыз.
Мақтана күллі әлемге дей аламыз: -
Бақыт пен бостандықтың ордасы
Тыңдаңдар!
Бүгінгі сөз сөзден бөлек,
Бүгін әркім сөйлейді елден ерек.
Бүгін біздің жанымыз қанатты жан,
Бүгін біздің тіліміз шешенірек.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асам деп Алатауымнан...

  • 0
  • 1

Асам деп Алатауымнан
Қап-қара бұлттар келеді.
Демінен соғып қар, боран
Қанатын жая төнеді.

Толық

Бар екем

  • 0
  • 0

Апырым-ау, жоқ па, бармын ба,
Соға ма, жоқ па жүрегім?
Жоқ әлде тас боп қалдым ба,
Осы мен, достар, кім едім?

Толық

Ат үстінде

  • 0
  • 0

Күн астында көшкен бұлт,
Керуендей қозғалғаны.
Жерде желдің жүрісі тез
Жел маядай жез бұйдалы,

Толық

Қарап көріңіз