Өлең, жыр, ақындар

Бегалы ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1331
Құламаған екен ғой шаңырағым,
Кел,кел бері жақында шамшырағым.
Менен туған Сейсекен ұлымын деп,
Тебіреніп жеттіңбе жапырағым?
Киелі отын сөндірмей нағашыңның,
Келер күнг жалғаумен талмас үнін,
Бір Тәңірге табын деп, адамзатқа,
Айта алдыңба жар салып сөнбес күнім?
Жинап алған бойына бар асылды,
Қадір тұтып Жер үйің- анашыңды,
Бір Алланың сыйы-деп, жырға қосып,
Қорған бола алдыңба жарасымды.?
Бабалардың сыр толы тыңдап әнін,
Өнерінен сусындап тулап қаның.
Баға жетпес шырағын қолыңа алып,
Іздедіңбе ғылымның алтын таңын?
Рухтармен дем берген бұлақ ашып,
Дінің менен тіліңе құшақ ашып.
Қос қанатым қырқылса өлгенім -деп,
Тұра алдыңба дауылға тайталасып.
Адамзатқа иманмен жол ашатын,
Қиямет күнге дейін жалғасатын.
Тәңірдің өзі берген Құран-Кәрім,
Ұстазың бола алдыма сырласатын.?
Көркейтіп даналықтың өрістерін,
Жеткізген бір Алланың игі істерін.
Данышпан Мұхамбеттей пайғамбардың,
Құлшынып оқыдыңба хадистерін?
Кеудеңде алаулаған жалын барда,
Нұр төккен күндей сұлу тілің барда.
Ой салып көпшілікті еріттіңбе,
Киелі сезімдер мен ұғымдарға.
Қадірлеп уақыт сәтті тыным алмай,
Дүние байлық табу жолын қумай.
Ізденіп бұлақ көзін аша алдыңба,
Туған ел келбетіне көзің тоймай?
Құлыным болғаннан соң қанға жақын,
Сезімнің алаулатып отын жақтым.
Қастерлер әруағымды келгеннен соң,
Үн-түнсіз тіл қатпауға барма хақым?
Адал бол әділ басып әділдікпен,
Тарықпас маңдай термен еңбек еткен.
Айтарың шындық болсын иман жүзді,
Айнала бар маңайға шуақ төккен.
Нәр берген тамырың ғой асыл халық,
Қадірле алтыныңды аршып алып.
Тарихың басталады туған жерден,
Бабалар рухынан түскен жарық!
Оқы, оқы білек тұрып аянбастан,
Әр үні мәңгілікке болар дастан.
Ерлігін жеткіз келер ұрпағыңа,
Тыңдасын құлақ түріп бала жастан.
Білмесең бастан кешкен өткеніңді,
Ала алмай бос қаларсың өткеліңді.
Кешікпей шежіреңді түгендеп ал,
Ойлауға қате басып өткен жерді.
Болғанмен құшағында өзің қонақ,
Бұл өмір ұға білсең күрес- сынақ.
Қанат қыл ақылың мен жігеріңді,
Сындырмас өр сағыңды тайсаң құлап.
Ажалдан құтыла алмас туған адам,
Түсінбес оны мансап қуған надан.
Әр күннің арай таңын сүйе біліп,
Ұмытпай бір Тәңірді ойла балам!
Жер болмас туған жердей сұлу биік,
Жаныңа қуат берген бақыт үйіп.
Ел болмас туған елдей бұл ғаламда,
Өсірген өз ұлым -деп, сені сүйіп.
Қалмайын ұмыт болып көзден қырын,
Келіп тұр сен басыма үзбей ұлым.
Тарықсаң қиналғанда дем берермін,
Жалғайтын өмірімді сен ғой күнім!
Толғана, тебірене түсіп ойға,
Қуанып жатыр бабаң Әспентай да.
Киелі сырға толы іздерінен,
Желкен құр жырларыңмен Кең Жылойда!
Туған жер сапарыңа жарық берген,
Ал енді ақ жол болсын асыл берен.
Ақ тілек, ақ батамды ақтайды-деп,
Өзіңе сенім артып үміттенем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есет баба

  • 0
  • 0

Ту көтеріп туған елдің төрінен,
Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе,
Әділдіктің желкен құрып өрінен,

Толық

Ақмешіт

  • 0
  • 0

Өшкені қайта жаңарып,
Үн тастап иман, асыл ән.
Ағылып жатыр сан халық,
Мешітке жаңа ашылған.

Толық

Төле би

  • 0
  • 0

Қара қылды қақ жарып,
Әділдіктен нұр жағып.
Ынтымаққа жар салып,
Имандықтан сый тартып,

Толық

Қарап көріңіз