Соғыстың алғашқы күні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Соғыстың алғашқы күні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2572
Атам Шаймұрза Даржанұлына, Ағам Қайрақбай Махамбетұлына арнаймын.

Таң жаңа қылаңытқан мезгіл еді,
Сағат төрт – жау сұмдығын сездіргені.
Ұйқыда тыныш жатқан заставаны,
Зеңбірек оғыменен езгіледі.
Содан соң төбесінен әлсін – әлсін,
Төкті кеп самолеттен бұлт қорғасын,
Тәкапар иілмейтін Брест тұрды,
Намыс пен жинап алып тік тұлғасын.
Жер мен көк шыдай алмай діріл қақты,
Қызыл қан окоптардан судай ақты
Сонда да бұзылмады ел қамалы,
Зұлым жау жер жастанып тыным тапты.
Ерлер – ай , қайран ерлер буырқанған,
Намыстан жүректерін буыпты арман.
Ең соңғы жан тынысы таусылғанша,
Берілмей тауға айналып тұрып қалған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері