Өлең, жыр, ақындар

Партизан Қасым Қайсенов

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 10131
Днепр жағасында қалың орман,
Ұл – қызын қорғап дүлей қанды қолдан.
Ып – ыстық мекеніндей пана болып
Соқтырған зергер қысқа қарлы қорған.
Өкілін он бес ұлттың алаламай,
Бейне бір бәйек болған аналардай.
Бәрін де емірене құшып – сүйіп,
Өзінің сәбиіне балағандай.
Қақ бөліп олжаларын бөлінбестен,
Үзім нан,жұтым суды бөліп ішкен,
Бүгінде жалтылдаған от басында,
Бас қосқан , ер ұлдары ерлік іспен,
Сыр айтақ, жоспар былай белгіленген;
Тірілей ор қаздырып елді көмген
Жоқ қылу Мироновқа комендантын
Сол үшін ер Қасымқа сенім берген.
Жалтылдап от ойнаған жанарында,
Жас қазақ елді ойнаған жол алдында.
Елестеп туған ауыл,жасыл белес,
Жел күйрік, жез киігі даланың да,
«Құлыным, Отаныңды қорғау парыз,
Сын сағат ел басына туса нағыз»,
Деп,- ана шығарғаны көз алдында,
Аймалап,аттанарда ұлын жалғыз.
Сол үні анасының жүрегінде,
Таусылмас қуат беріп жігеріне
Ерлікке бара жолда ұран тастап,
Жеңісті ту қылғандай келер күнге.
Тұрғандай ер ұлына үміт артып,
Тұнжырап орман қалды ішін тартып.
Көгінде қабақ түйіп ала бұлттар,
Жүзеді қорғасындай ауыр қалқып.
Өткенде бөгеті мол қырдан асып,
Көрінді жасыл село құшақ ашып
Әлде кім ән шырқайды бір шетінде
Жас ару күлкісімен шалқып тасып.
Мүлгіген қараңғы түн,тыныш алмай.
Селоның жарқыраған шырақтары,
Бейне бір аңсап күткен туыстардай,
Үстінде жалтылдаған түймелері
Киімін власовшылар киген еді,
Еске алса сол бір залым сатқындарды,
Ашудан қаны қайнап жиіркенеді.
Ал қазір амал үшін кек алуға,
Жауының өз кәсібін қолдануда
Алдында шошқа мойын староста
Шеніне Қасым ердің таңдануда.
«О,мырза,төрлетіңіз! Хош келдіңіз,
Біздерге әруақыттай күш бердіңіз,
Қымыран қызыл шарап алдыңызда
Өтеді,мейрам болып кештеріңіз!
Жоқ! Жоқ ! Уақыт тығыз ұқсаң достым,
Ұлы пан күтіп отыр, старостым.
Жүйрік ат және қосшы бала қажет,
Қанатын елестетер ұшқан құстың.
Келместен ауыз сөзге ең әдемі,
Ерттеулі сәйгүлікті әкелгені.
Атқосшы сөзге сараң, тұйық бала,
Байқалар көз қарастан жек көргені.
Тұнжырап сүзіледі бейтанысқа,
Тұнып тұр жас кеудесі кек намысқа.
Ер ұлан екені анық сезіледі,
Жаралған Отан үшін қолғабысқа.
Жетті олар іше алмастан жол астында,
Түс ауа Мироновка қаласына,
Мінекей жау ініне,үш жүз қадам
Ал,Коля,мені күтіп,қал осында
Деп – Қасым,ұстатты да ат тізгінін,
Толғана іштей қайрап от төзімін.
Бет алды қарақшының ұясына,
Күл қылмақ,оның енді өр күмбезін.
Көрді анық мұнда тұтқын тіл қаптаған,
Полицай от бастырып азаптаған.
Төсінде қанжарменен ойған жазу,
Осы деп, аңсағанға азат арман.
Фашизм ажал сепкен қарғыс атқыр,
Өзінде қанша жанның қаны жатыр?
Біз оны ұмытпаспыз ешқашанда,
Деп – іштей, шоқ шайнаған Қасым батыр.
Ұйысқан жирен шашы жабағыша,
Хатшы қыз, сыртқы есікті жауып аша,
Абыржып әлде кімді іздегендей
Күткені осы офицер жаңылмаса.
Ерекше тапсырмамен сіз бе келген,
Кіріңіз,тездеп бұрын өзгелерден.
Ешкімді Сізді босқа айыптамас,
Ұлы пан,бұйрығы сол бізге берген.
Рақмет!Ұқтым бәрін қарындасым,
Дәйім де рух сізді жарылқасын.
Ерекше жұмыс бабын білесіз ғой,
Ешкіміді жібермеуді жаңылмассың.
Қолға ұстап құпиялы бөлек хатты,
Бетпе – бет қас жауына келе жатты.
Саулығын тілей тұрып,сұмырайды
Намыстың кек оғымен бір – ақ атты.
Бұрқ етіп маңдайының қызыл қаны
Байғұстың шықты бірден шыбын жаны
Соңғы сәт көз алдына келді бәлкім,
Өртелген сәбилердің шыңғырғаны,
Күйзелген аналардың зарлағаны.
Қатыгез қанға құмар бұл жыртқышың,
Күбідей семіз екен,өзі дағы.
Көкжиген үңгірдей көк көзі қалды,
Тірілей орға жығып,өлді көмген,
Жендетті Қайсеновтың оғы алды.
Жауының бетіне бір түкірді де,
Жапсырды далалық сот үкімінде
Кәдімгі атылуға – деп, бұйырған,
Үнімен халқымыздың – өз інінде.
Мінекей,бөлме есігін шықты жауып,
Қаншама қиындықпен өтті қауып.
Хатшы қыз қарсы алдында қылымсиды
Қолға ұстап қаламсабын ауық – ауық.
Ұққандай ішкі сырын ым білдіріп,
Ер Қасым әзіл айтып бір күлдіріп,
Комендант айтқан дейді қабылдауды
Бастауға сағат жарым сәл кідіріп.
Өйткені маңызды іспен құпиялы,
Танысып өзі жеке қол қояды.
Бәрінде ұғасыз ғой сұлу бикеш,
Көркіңіз жүрегіме нұр құяды.
Бұлғайды әзірше деп,қолын жұмсақ,
Мәз болып жылы сөзге буын босап
Сезбей тұр,осы алып офицердің,
Шыққанын іштен үлкен сұмдық жасап
Ырысын тағдыр жазып өлшеген бе?
Шықты аман,жау ұясы кеңседен де,
Сірә да бақыт бар ма бұдан артық
Ақтасаң аманатын ел сенгенде.
Ал,кеттік, Коля енді зымыралық
Іздер – ау сезсе,сірә , жау жынданып.
Жиіркенбе Власовшы емеспін мен,
Партизан екенімді білдің бе анық?!
Алдымда құшақ жайған орман – анам,
Саған да туғаныңдай болар панаң,
Сыр шертер ерліктердің іздерінен,
Ұрпаққа Ұлы Жеңіс армандаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басшы ата үні

  • 0
  • 0

Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.

Толық

Тәңірберген (Мақсым) ата үні

  • 0
  • 0

Қияметтей қырсық шалып елімді,
Түнек басып менің туған жерімді.
Жазықсыздан жапа шегіп түрмеде.
Ай мен күнім тумайтындай көрінді.

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Ассалаумалайкум!
Қарашүңгіл киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күйме едің?!
Аңсап келдім сағынышпен өзіңе,

Толық

Қарап көріңіз