Ен дала иесі - еркіндік
Ен дала иесі - еркіндік
Алшаң басып аяғын, бұл бір жайсыз сая күн,
Кең даланың кербезі, бөкен киік жаяу түн.
Аңшы құрған саятын.
***
Ағарып таң, найза бойы тірелген,
Белгі беріп, өзгеше бір реңмен.
Аңшы бірде табиғатқа тамсанып,
Бірде ашкөздік, өңі сорғылт түнерген.
Киік шыққан ескішелеу сайранға,
Ымырт тарта, күн шуағын жайған да.
Сарыарқаның самалына тап келіп,
Мойын бұрып кісінесіп сайларда.
Киік тігіп көзін асу белдерге,
Құдай айдап келген оны бұл жерге.
Нақ саятшы тұсау құрып отырған,
Желігіп кеп беу жануар шөктеуде.
Су айдыны, сұлу қыздай сыланған,
Асып бертін ашкөз аңшы тым ардан.
Қасиетінен құдай салған киіктің,
Алшақ ұстап көрсеқызар сұм арман.
Айдын бойы саға алдында тұзақтар,
Мәлім болған бөкенге бұл сыз ақпар.
Емінен кеп жайылған ақбөкендер,
Ұшты кенет көкке шымыр бәз оқтар
Жан кеткенбе киік қымырт міз қақпар,
Ашуланып аңшы тұрды орнынан,
Жаудыруда көкке қорғас оғынан.
Хақ иесі сынға салған шағында,
Ойлағаны: «берген шығар молынан
Болмаса да, бермес»,- деді жолынан.
Беткейінен жол таппады, тығырық,
Һәм дүние, қылған миын шығырық.
Түзақ бойы өтпек болды құмартып
Саға асуда, паң темірге жығылып
Өлді байғұс, қыршынынан құбылып,
Күндізгінің легімен киік діңкесі құрыған,
Еркіндік бұның еншісі, солайда болмақ бұрыңнан
Нағыз қазақ дермісің, өмірі өңшең шытырман,
Жауыз, қаскөй, сырт көзден берілмей-ақ ұтылған.
Ай мен күні беймәлім, мезгілсіз сәт тұтылған,
Әліде құдай айырмас сені ырыс құтыңнан.
Еркіндігіңмен егескен: «кешегі кеңес жоңғардай
Мына аңшыдай сор маңдай...»
Көпке бармай құбылған,
Еркіндіктің даласы, тек тәуелсіз мекендер,
Сымбатына жыр тұнған.
Тәуелсіз қып мәңгілік, мөр басылған сыртыңнан.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі