Дүние, жарға ойнаған лақтайсың – Серәлі Еруәліұлы

Бұл бетте «Дүние, жарға ойнаған лақтайсың» атты Серәлі Еруәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2015
  • 0
  • 1
  • 2775
Дүние, жарға ойнаған лақтайсың,
Мекен ғып қандай жанға тұрақтайсың?
Еріксіз көнбегенді көндіресің,
Жол білмес асау кердей бұлғақтайсың.
Аз ғана көңіл ашар қызығың бар,
Кетеріңе келгенде сылақтайсың.
Тынығы жоқ шыныға құйғандай-ақ,
Қашарыңа келгенде сынаптайсың.


Пікірлер (1)

Нурай

Отеее жаксы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері