Құлын және мен – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Құлын және мен» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1469
Сен даланың «тентегісің»,
Құлдыраған ерке құлын.
Тыңдап өскен ертегісін
Мен де анамның «тентегімін».

Шарлатасың қырды бүгін,
Ары шауып, бері шауып.
Ей, желаяқ құрбы құлын,
Кел, екеуіміз жарысалық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері