Өткен күні...
Өткен күні...
Фаризаның кітабы қолымдағы,
Әсем өрнек өрілген бұрымдағы.
Мектебімнен асығып шығып едім,
Бір жігіт қол бұлғады жолымдағы.
Танымадым,
Тым асқақ өте шықтым жанынан да, Жылдамырақ бастым да белестеттім.
Жаным күйіп,жаншыла зарығамда,
Сен болып елестеттім.
Қарамауға тырыстым,қырсықтығым,
Сен болсаң алушы едің ұрсып,күнім. Көздерімнен мұң менен бүрім парлап,
Кеудемде қарс айрылып,ыршып тұрдым.
Көруге асық едім,құштар едім,
Егер,тіпті,сен болсаң жүгіріп кеп,
Тамыры қашып кеткен қолдарымнан,
Желпіне ұстар дедім.
Сонда менде сағынышы қаусатқан от кеудеммен,
Жарыла құшпақ едім.
Көздерімнің,сөздерімнің тым асқақ,жасықтығын,
Аялы алақанның басып қолын.
Сүртсе екен деп жасымды,арман етіп,
Жанынан жылдамырақ қашып тұрдым.
Жетсе екен деп келемін,
артыма да бұрылып қарай алмай,
Бір көруге жүзіңді жарай алмай,
Бақытқа да барыңда балай алмай,
Қайғы шегіп келемін,табай алмай...
Мектептің ауласы еді,
Есігінен лып етіп өттім дағы,
Жегідей жеп барады өттің қары.
Қайсарлықпен қайрылып қарап едім,
Сен емес екенсің ғой...
Мен мұңлығың сағыныш кесірінен,
Армандап кеттім тағы...
XXYI.IY.2018
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі