Өлең, жыр, ақындар

Каролинаға

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 876
Көз жасыңнан көп сырды
Сездім, жанмын көзге айтар.
Күрсінгенің ұқтырды,
Ойыңдағы сөзді айтар.
Бір сен емес сүюден
Кім күймеді, кім шыдап,
Қан қайнатты бұл кеудем
Жанды қайғы шымшылап.
От тұр мұңды жүзіңде
Дір-дір етті ерінің – гүл.
Кез жасыңмен бұл жерде
Мені жуып көмдің бір.
Көз жасынды көрдім де
Қаны қашты бетімнің
Атай алмай атымды...
Күрсіндің де, сен тұрдың, –
Бәрі бекер! Өткенді
Жаспен жуу мүмкін бе,
Тек азапты, дерт шерді
Көбейтеді бұл күнде.
Енді қош бол, құрметті! –
Сүйген жарым, толғана,
Сәтті де тәтті минутты,
Ұмытқың келсе – ойлама!

1805


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрғылттау күзгі мезгілде

  • 0
  • 0

Сұрғылттау күзгі мезгілде
Томсарыңқы тынық түн,—
Сұр бұлттау сонау бір кезде
Сарғылттау құмда туыппын.

Толық

Менің сырым

  • 0
  • 0

Біреуге өмірімде
Қас қылып көрген емен,
Жанжалға тегі мүлде
Бас сұғып көрген емен.

Толық

Шопан әні

  • 0
  • 0

Мен колхоздың шопаны шарықтаған,
Қасқыр тісін бір қойға дарытпаған,
Жүні жібек, сүті уыз, қозысы егіз,
Қой құйрығын аязға қарытпаған.

Толық