Ғалымжан құдаға – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Ғалымжан құдаға» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1121
Көшіп кетіп ауылға алыс,
Тұрақтаған Ғалымжан,
Астанадан жастығы өткен
Жырақтаған Ғалымжан!
Ата атанбай жүргенімен,
Батагөйлік жарасқан!
«Өмір-өзен иірімін
Игеруге талаптан...»
Деген тілек жолына арнап,
Ұрпақ қамын ойға алған,
Босағаңда талай тойың
Тосып тұрған тойланар!
Алыс сапар... игі тілек
Орындалып аман жүр,
Отбасыңа, жан-жарыңа,
Мен тілейін амандық!
Мерейі өскен ата-әже боп,
Гүлзираңмен бір жүргейсің!
Ұл-қыздарың үмітті ақтап,
Ұзақ ғұмыр бір сүргейсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері