Өзім ғой – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өзім ғой» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1082
Өзім ғой мынау дүние,
Түсінсеңдерші, достарым,
Табиғат менің үніме
Тамылжи үнін қосқанын.
Ақ таңның жібек самалы –
Мендегі тұнық сүйкімді ой.
Ақ шаңқай түстің жамалы –
Ол менің назды күлкім ғой.
Тараған күннен ақ сағым –
Жанары қара көзімнің,
Құздағы қыран сақ-сағын
Қуаты дей бер сезімнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері