Ақ құс көңіл шарықтап, шалқып асқақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ құс көңіл шарықтап, шалқып асқақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Ақ құс көңіл шарықтап, шалқып асқақ,
Биіктерге ұмтылған бала жаста-ақ.
Бірге туып, адаммен бірге елетін
Арман, сірә, алдына қойған мақсат.
Арман егіз ендеше үмітпенен,
Қоңсы қонбай үрейшіл күдікпенен.
Талап-таяқ жанына, үміт-азық,
Ол жетелеп, мен еріп жүріп келем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері