Көргім келер Мексиканы, көргім келер Перуді –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Көргім келер Мексиканы, көргім келер Перуді» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көргім келер Мексиканы, көргім келер Перуді,
Ацтектердің храмдарын зіл тастардан өрулі.
Көргім келер піл жайылған жунглилі Үндіні,
Көргім келер Иерусалим, Палестина мұңдыны.
Көргім келер араб шөлін тосып жатқан күнге өзін,
Мекке менен Мединені, перғауындар күмбезін.
Көргім келер сонау алыс кенгурулар мекенін.
Қай жерде де ортақ күн ғой, жоқ ешқандай жеке күн,
Көргім келер Стамбулды, Парижды һәм Үрімді,
Олар бірақ ұмыттыра алмас туған далам — пірімді!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі