Кім ылайлап кетпейді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кім ылайлап кетпейді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Кім ылайлап кетпейді
Мөлдіреген бұлақты?
Кімдер таптап өтпейді
Тотияйын құрақты?
Тауға әркім шығады,
Аласарып қала ма?
Кейісіңді бүгінгі,
Бауырым, мәңгі санама.
Бүгін ылай сол бұлақ
Мөлдіреп ертең ағады.
Тізеден келіп, ұйысып
Басады құрақ жағаны.
Биік, маңғаз қалпында
Мызғымай тау тұрады.
Тау мінезді адамды
Айтшы, қай дауыл жығады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері