Композитор – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Композитор» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2592
(Бақытжанға)
Торлап кеткен бұлттардай ой қабағын, ,
Алған шымыр денесіп жайлап ағын,
Ақ, көгілдір, нарт қызыл сәулелердей
Төңірегі тұтасқан айнала үн.
Сол үндермен биіктеп, төмен түсіп,
Ән шарықтап, жатады өлең ұшып,
Әр толқынның ойнайды кеудесінде,
Белдеседі дауылмен ерегісіп.
Өнер оған сиқырлы ауыр дерттей,
Ән дариясын ағады жарып көктей,
Лапылдайды, шалқиды жалын атып,
Әйтеуір ол қалады жанып кетпей!
* * *
Өмірдің түні болмай ма,
Дүниені көзден жасыратын?
Өмірдің күні болмай ма,
Аспаны шайдай ашылатын?
Адамның сыры болмай ма?
Өзгеден жасыратын?
Адамның мұңы болмай ма.
Кектеніп ашынатын?
Адам сырын жырласам айып па,
Жүрегінен хат тасушы боп.
Адам мұңын жырласам айып па,
Арманының жоқтаушысы боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Композитор өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Композитор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Композитор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Композитор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері