Үйірген сөзді тіліме – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Үйірген сөзді тіліме» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 771
Үйірген сөзді тіліме,
Иманның нұрын – діліме,
Тілек берген тілеуге,
Уайым берген жүдеуге,
Тәңірім, саған табындым!
Шаңырағыма қонсын деп
Ұялатқан бақ-дәулет,
Төріме төртеу келсін деп,
Береке берген, сән-сәулет,
Бұйрығыңа Алла, бағындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері