Мақаншы мәнерлері – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Мақаншы мәнерлері» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1916
(Қабдеш Жұмәділовке)
Таулардың тарланы екен Тарбағатай,
Мінезі маң-маң екен Тарбағатай,
Қолаты қорған екен Тарбағатай,
Пай-пай, пай, оң қанаты-ай, сол қанаты-ай!
Тұрқына тұғыры сай Тарбағатай,
Тұрпатқа ғұмыры сай Тарбағатай,
Ызғарға жылуы сай Тарбағатай,
Пай-пай, пай, Ебі желі емге қат-ай!
Шыңдары қиыр-шиыр Тарбағатай,
Шежіре ию-қию Тарбағатай,
Асуың қиын-қиын...асу қиын,
Тағдырын түсіндім ғой енді, ағатай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері