Еділ бойы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Еділ бойы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1380
Ар жағында Еділдің бір терең сай, алқарай көк!
Сүйреткен жібек арқан телқоңыр тай.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай!
Ағаштың бұтағына қонып алып, алқарай көк!
Сайрайды таң алдында бозша торғай.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай.

Қайырмасы:
Алқар-ай көк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып сәулем келгенде,
Қайда кеттің а-ай, той-тойлап.
Ар жағында Еділдің бір асқар бел, алқарай көк!

Сырын ашқан көңілдің көк самал жел.
Жеңеше-ай, осылай,
Осылай әнім өзгеше-ай!
Ырыс айдай көңілің менде болса, алқарай көк!
Аузыңды ашып, қалқатай, тіліңді бер.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еділ бойы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Еділ бойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еділ бойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еділ бойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері