Шын – Samat Abdesh

Бұл бетте «Шын» атты Samat Abdesh жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сұра,сұрашы,сұра тағы
Бітпейтін сұрақтар баспалдағы.
Молайту толған өзі шексіздікті
Барумен тең көршіге жырақтағы.

Жарты ісің келгенің аман қалып,
Басты сезім-қуатың,ішкі саулық.
Салуың мен алуың теңдей болар
Қанша тығып,бұқсаңда амал қылып.

Қайырмасы:
Тозақты күтпейді ешкім,
Болса да күнәлі істер кешкі.
Жұмаққа кетпейді ешкім,
Келмейді құлға ішкі кескін.

Атауыңнан қорқамын,
Шын
Жаратып алып қорқыттың
Атауыңды сүйемін
Шын
Жараттың да сүйгіздің

Қоштаспаймын жалғыз ғана өзіңмен,
Көру ғибрат жүрек тұсты көзіммен.
Жақсы көру,бақытым да өзіңнен
Әр қадамамын бару саған төзіммен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері