Алаңдама! – Гульназ Сайлауова

Бұл бетте «Алаңдама!» атты Гульназ Сайлауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біз енді жолықпаймыз үміттенбе,
Бақытты сәтімізді көріпті елде.
Махаббаттан көр соқыр адам едік,
Айналыппыз қарапайым болып пенде.

Сезім сөнді,қайтемін бұл үмітті,
Амалсыздан қан жүрек көндігіпті.
Қос жүректің бірге жаққан сезім отын,
Сендегі бейғам жүрек сөндіріпті.

Өшіремін сезім отын алаңдама,
Өзге жанға қарғам-ау жамандама.
Шынайы бақыт кілтін алады екен,
Ешкімге сезімі жоқ адам ғана.......


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар