Жалғыз жалбыз – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жалғыз жалбыз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 985
Арна жатыр тартылып, суы құрғап,
Кеше ғана кемерге сыймай тұрған.
Көпір салып қойыпты, атын жазып
«Құрғақ өзен» аталып, көзі құрыған.
Табиғаттың заңы ғой өктем-өктем
Жар басында бір-ақ түп көктеп өскен,
Елеусіздеу гүл жарған жалбыз ба еді,
Бұл да мендей, я, пірім-ау, жалғыз ба еді?
Жапырағың да ем, гүлің де ем, жалғыз жалбыз,
Бір-біреуден екеуміз екі талмыз...
Ем болайық ендеше жалғыздыққа,
Келістік пе, осыған, жалғыз жалбыз!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері