Мизам шуақ – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Мизам шуақ» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1789
Сап-сары жапырақ
Сап-салқын Жалын ғой.
Өн бойын өрт шалып
Құлаған.
Көктемде бітпейтін биікке
талпынып,
Ал күзде тартылыс заңынан
Бір медет сұраған!
Сенсіз де өткіздім
жартысын жарықтың!
Момақан күндерге малданып,
Сұп-сұйық сөздерге алданып!
Енді кеп,
қайыңға қараймыз
елжіреп!
Өзіміз өртене алмадық!
Қапырық күй кешіп,
Қаламға қарманам.
Мизамның шуағы –
Мендегі сағыныш
Маздаған,
Сарғая алмаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мизам шуақ өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Мизам шуақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мизам шуақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мизам шуақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері