Терезе

Бұл бетте «Терезе» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1218
Аласасы айқындалмас биіктік,
Төпелетіп төге алмаса сұйықтық,
Көмейіме күйік дәмді шер толып,
Өз отыма өлер едім өртеніп.
Тереземде сыбырласты тамшылар,
Сөзбен жанын былғамай,
Қояр едім күбірлерін тыңдамай,
Арғы жақта бір сағыныш елеңдеп,
Жылап қарап тұрғаны-ай.
Бергі жағы тереземнің
Арғы жақтан алыс тым.
Бұл шетінде өз отыммен алыстым.
О жағында сыр шертіліп жатқандай,
Жеткізбек боп сағынышын ғарыштың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Терезе өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Терезе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Терезе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Терезе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері