Кірпігімнен тамды да

Бұл бетте «Кірпігімнен тамды да» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1025
Кірпігімнен тамды да,
Құс жастыққа сіңді мұң.
Пәк сезімнің алдында
Кінәлайды кімді кім?
Бұрынғыдай телміре,
Сен күтпейсің жолымды.
Көздеріңмен елжіреп,
Бұлғамайсың қолыңды.
Шарайнадай шытынап,
Үзіктеніп тұрды үнің.
Бір өкініш күтіп ап,
Шығарып сап жүр бүгін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері