Бесік жыры – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Бесік жыры» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1461
Құлыным, таймен әлі тебіспеген,
Өн бойымда бір шаттық өрістеген.
Шалықтап күлемісің, ақ бөбегім,
Тілдесіп жатырмысың, періштемен?
Періште-өлең,
Қауырсыны қар болып себелеген!
Қорғаштаған және де елемеген.
Қанат қақан аспанға солар сынды,
Мен күтемін бөбегім, сенен өлең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері