Күтерің егер болмаса – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күтерің егер болмаса» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Күтерің егер болмаса,
Келер күн, сірә, қызық па?
Көңілді сұр бұлт торласа,
Батасың қалай қызыққа?!
Қоңыр құз тоңы қатпаған
Төндірмес қауып ол аса
Сары аязын сақтаған,
Артында қысы болмаса!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері