Қызыл іңір – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Қызыл іңір» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2788
Жиекке барып жығылдың.
Жығылдың қалай іңір күн?
Шоп-шолақ сәтін ғұмырдың
Қып-қызыл қылып сімірдің!
Жиекте тұрды күн кетпей,
Бірді түсінбей, бірді ұқтым.
Күйгелек әлем күңк етпей,
Тынысын тартты тірліктің!
Қып-қызыл еді жаным да,
Ұқсайтын саған іңір сәт.
Өзіне ұқсас жалынға
Жүгірді жүрек – ұрыншақ.
Жүгірдім саған іңір күн,
Туыспыз ғой біз енді.
Жиексіз Жерге жығылдым,
Қанатып алдым тіземді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері