Қоштасу – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Қоштасу» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2627
Осылай оңай ғана,
Екеуміз алыстадық...
Жылт еткен жылылықты,
Өткенге табыстадық!
Ойлама ол кезді енді,
Кеңістік кербезденді.
Уақыт аямады.
Ал менің жүрегімді
Жыр ғана аялады.
Оты жоқ он сегіздің,
Екеуміз жыламадық.
Өзіміз сенген едік,
Ертегі құрап алып.
Ертегі құрап алып,
Бақыттың нүктесіне
Жетуге шыдамадық.
Жылт еткен жылылықты,
Сақтауға бекінбедік,
Себебі өкінбедік.
Себебі өкінбедік,
Және де, қуанбадық.
Жұбаныш іздеп келіп,
Бәрі бір уанбадық.
Түс қана секілденіп,
Мөлдір мұң, мұнартады.
Біз неге өкінбедік,
Жауабын кім айтады?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері